Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл, сары, көк, қара түсті жіптермен тоқылған. Әр бөліктің өлшемі 30 см. Әр бөліктің арасын жалғағанда қоңыр түсті жіппен тігіп біріктірген. Алаша негізі 8 бөліктен тұрады. Олар бір-бірімен жалғанған. Алашаның жиегі қызыл, сары, жасыл, жіптермен көмкерілген. Алашаның оюлары қошқар мүйіз, самаурын тәрізді болып келген. Кейбір қатарында ромбик тәріздес ою бар.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. ортасы
Материал:
Бояу, Жүн, Киіз
Техника:
Киіз басу, Өрмек тоқу
Өлшемі:
2,80*1,90 м.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары