Каска УУБР
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Каска УУБР - жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін киетін бас киім. Түсі қызғылт қоңыр, маңдайшасына ақ пластмассадан шамның орны белгіленген. Ол пластмассаны ақ капрон жіппен тесіп өткізген. Касканың екі жақ қапталында сарғыш бояумен сол жағында « I смена технологов УУБР» , оң жағында март 1975 деген жазуы бар. Кейбір әріптері өшіріліп қалған. Касканың ішіне төбесінен 3 см төмендікте пластмасса қаңқаларды орнатқан. Касканың ішкі бетінде 1970-1971-1972 және 54-58-62 деген цифрлар бар. Бастан түсіп және шешіліп қалмау үшін ақ кендір жіппен бекіткен.
Мерзімделу кезеңі:
1975 ж.
Материал:
Пластмасса
Техника:
Құрастыру, Құю
Өлшемі:
28 см х 12 х 12 см.
Санат:
Басқа