Ағаш жастық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаш жастық - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға арнайы жасалған. Қызыл-қоңыр түсті ағаштан ойып жасалынған. Бояуы көнерген. Жоғарғы бөлігінде сары және қызыл түсті геометриялық және өсімдік тектес оюлармен көркемделген. Екі бүйір жағы тақтайдан тұрады. Ортаңғы бөлігі басты қоюға арналған тегіс етіп жасалған. Ықшамды, әрі жеңіл.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ-ХХ ғғ.
Материал:
Ағаш, Бояу, Лак
Техника:
Оюлау, Өрнек, Өрнектеу, Тесу, оймалау
Өлшемі:
86 х 13 см
Санат:
Этнография