«Отау» күміс жүзігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күміс жүзік кең әрі массивті шинадан және төрт үшбұрышты бөліктің бірігуінен құралған сүйір пішінді орталық алаңнан тұрады. Орталық алаңның әрбір үшбұрышты бөлігі түйіршіктеу тәсілімен молынан безендіріліп, бұйым бетіне айқын фактура береді. Шинаның ортаңғы бөлігінің екі жағында түйіршікті өрнек орналасқан, ал ортасында торкөзді өрнек орындалған. Сәндік композиция жүзіктің геометриялық құрылымын айқындайды. Бұйым ХХ ғасырдағы дәстүрлі зергерлік өнердің көркемдік ерекшеліктерін танытады.
Мерзімі: ХХ ғасыр
Материалы: Күміс, 925 сынамасы
Техникасы: Қалыптау, бедер түсіру, ширатылған элемент, түйіршіктеу
Өлшемі: Бүйір өлшемі - 2 см; ені - 1,5 см; салмағы - 6,4 г
Мерзімделу кезеңі:
XX
Материал:
Күміс
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
Диаметр - 2 см
Санат:
Бағалы металдар (күміс)