Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VII ЕСІК ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

    2026 жылғы 30 қазанда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы археологиялық зерттеу институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Алтын адам мұрасын зерттеу және сақтаудың өзекті мәселелері: археология, археогенетика, музейлендіру және тарихи-мәдени интерпретация» тақырыбында «VII Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
    Дәстүрлі ғылыми басқосу Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия, Италия және басқа да елдердің зерттеушілері мен ғалымдарының басын қосты. Конференция барысында Еуразия кеңістігіндегі археологиялық зерттеулердің жетістіктері, Есік жазуының тарихы мен көне жазба мәдениетіміз, сондай-ақ Алтын адамның шетелдерде зерттелуі мен тарихи мұраны халықаралық деңгейде таныту мәселелері талқыланды.
Scroll to Top