Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫ»

2026 жылғы 1-2 қазан күндері Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеті және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірлесуімен «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ АЯСЫНДА: «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты - «Қобыланды батыр» жырын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ батырлық эпосты сақтау, зерттеу және заманауи мәдени кеңістікте жаңғырту мәселелерін талқылау болды.

Халықаралық ғылыми жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының эпостанушы, фольклортанушы, тілтанушы және әдебиеттанушы ғалымдары қатысып, «Қобыланды батыр» жырының тарихи-мәдени, әдеби және рухани маңызын, түркі халықтарының ортақ эпикалық мұрасындағы орнын талқылады. Конференция ұлттық рухани мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Scroll to Top