Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер кұжаттама басқармасы «Бұқар Жырау аудандық тарихи - өлкетану музейі»КМҚК

 Қарағанды облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының
«Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейі»  

   Тарихи-мәдени мұраны сақтау, облыстың
материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сақтау және танымал
ету, халық шығармашылығын дамыту және жастардың адамгершілік тәрбиесін дамыту
мақсатында 2003 жылы 13 желтоқсанда Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану
музейінің салтанатты ашылуы болып, басшысы Набиева Орал Интуовна болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аудан тарихына арналған музейдің ХVIII ғасырдан күні бүгінгіге дейінгі тарихи кезеңді ашып көрсететін өзіндік қоры
бар.
Музей бейімделген ғимаратта
орналасқан, жалпы аумағы 176.3 ш.м., оның ішінде экспозициялық зал аумағы 117
ш.м.
Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану
мұражайында мынадай залдар бар: Тарихи тұлғалар залы, Қазақ халқының мәдениеті
мен тұрмысы залы, Славяндардың мәдениеті мен тұрмысы залы, Бұқар жырау
ауданының даму залы, Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың тарих залы.
Аудан тарихына қызығушылық танытқан келушілер музей
кітапханасындағы және электронды тасығыштардағы қормен таныса алады.
 

Жұмыс уақыты 9:00-18:00 түскі үзіліс 13:00 - 14:00. Демалыс күндері : сенбі-жексенбі
Билет құны Ересектер үшін -300 тенге, студенттік - 200 тенге, окушылар - 100 тенге
Scroll to Top