Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы өзінің ресми қызметін 2011 жылғы 22 қарашада бастады. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тікелей қатысты. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 31 қазандағы №286 бұйрығымен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады. Құжатқа сәйкес мекеме «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәртебесіне ие. Мекеменің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне, сондай-ақ ел дамуының негізгі кезеңдеріне қатысты тарихи-мәдени мұраларды жинақтау, сақтау және ғылыми тұрғыдан зерттеу. Орталық тарихи-мәдени мұра нысаны ретінде Қазақстан Республикасы аумағында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді атсалысады. Сонымен қатар, музей ісі мен тарихи білім беру жұмыстарын дамытуды мақсат етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу мен дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосады. Орталық өз қызметінде тарихи сана мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Сонымен бірге, ұлттық және әлемдік мәдени мұраға қолжетімділікті арттыру мақсатында театрлық-сахналық және концерттік жобалар ұйымдастырылады. Музейдің жалпы ауданы 4560 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта орталықтың қорында 3705 бірлік экспонат тіркелген, олардың ішінде негізгі қор - 583 бірлікті, ал ғылыми көмекші қор - 3122 бірлікті құрайды. Экспозициялық құрылымына келер болсақ, орталықта 2011 жылы құрылған алты экспозициялық зал жұмыс істейді. Бұған қоса, 2020 және 2022 жылдары қызметкерлердің бастамасымен екі жаңа тақырыптық зал ашылды. Сонымен қатар, көркем галерея мен көрме залы, 120 орындық кинозал, 70 орындық конференц-зал және қор сақтау қоймасы орталықтың инфрақұрылымын толықтырады.

  1. «Тәуелсіз Қазақстан» залы - архитектуралық шешімі дәстүрлі қазақ киіз үйі түрінде орындалды, Шаңырақ Қазақстанды елдің көпұлтты халқы үшін ортақ үй ретінде бейнелейді. Бұл залда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы құжаттары мен еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері ұсынылған. Залдың ортасында еліміздің астанасы-Астана макеті орналасқан. Залдың периметрі бойынша витриналарда мұрағат материалдарымен, көптеген тарихи құжаттармен, аталған залдың тақырыбын ашатын фотосуреттер мен құжаттармен таныса аласыздар. Витриналарда Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің маңызды белгілері - Ту, Елтаңба, Гимн; ұлттық валюта-теңгенің тұңғыш шығарылымы;Қазақстанның жаңа тарихының оқиғалары түсірілген бірегей фотосуреттер қойылған.
  2. «Өз заманының перзенті» залы - Тұңғыш Президенттің балалық шағы, оқушылық және студенттік жылдары туралы баяндайды. Витриналарда Назарбаевтар отбасының фотосуреттері және Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолымен жазған өмірбаяны және ататегінің тізбегі - Шежіре берілген Шежіре Үндістанда жасалған жасыл барқытта алтын жіппен көмкерілген. Экспонаттың авторы - Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Айжан Абдубаитова. Витриналарда Назарбаевтар ататегі - Шапырашты руының шежіресі, қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдары, Шамалған ауылындағы болашақ Президенттің ата-анасымен бірге тұрған үйдің, Днепродзержинскідегі оның кәсіптік білім алған №8 техникалық училищенің макеттері қойылған.
  3. «Тұлғаның ерен қабілеті» залы - бұл залда қазақстандық Магнитканың құрылысы туралы зауыт құру идеясынан бастап металлургиялық комбинат жұмысын өндірістің толық цикліне шығаруға дейінгі ақпарат берілген. Витриналарда Қарағанды металлургия комбинатының маңызды оқиғаларына байланысты құжаттар мен фотоматериалдарды көруге болады. Академик Қаныш Сәтбаевқа арналған витрина бар, онда белгілі қазақ жазушыларының ғалым туралы кітаптары, мерейтойлық медальдар, сондай-ақ ғалымның отбасына тиесілі экспонаттар ұсынылған. Сондай-ақ витриналарға Қазақстан Магниткасының құрылысшылары бос уақытында пайдаланатын заттары, Қазақстан шойынының алғашқы құймасы қойылған. Сондай-ақ, Орталыққа келушілер қалың шұғадан жасалған көрікшінің арнайы жұмыс киімін көре алады.
  4. «Қазақстанның құрыш келбеті» залы - металлургиялық өндірістің атмосферасын елестетеді және келушілерде кәсіпорынның ішінде жүргендей әсер қалдырады. Залдың оң жағында металлургия комбинатының толық кешені ұсынылған: агломерациялық және коксохимиялық өндіріс, домна пеші, конвертер және табақша металлды илемдеу цехы. Сондай-ақ мұнда домна пешіндегі шойын балқыту сәтінің макеті, прокаттау үшін әзірлеме, орама және табақша прокат дайын өнімдері көрсетілген. Бұл залда металлургиялық комбинаттың шағын макеттері орнатылған және темір мен болат өндірісінің барлық технологиялық процесін қамтитын металлургиялық өндірістің толық циклін көруге болады. 
  5. «Уақыт ағымында»залы - бұл залда ҚР Тұңғыш Президентінің саяси мансабы туралы толық ақпарат алуға болады. Витриналарда берілген фотоматериалдар мен құжаттар Теміртау қаласының және Қарағанды металлургия комбинатының даму тарихын ашып көрсетеді, сондай-ақ Теміртау қаласын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттау туралы құжаттар, орден және марапаттау рәсімінен алынған фотосуреттер бар. Залда қаламыздың әлеуметтік нысандары:металлургтер Мәдениет сарайы, зауыт-ЖТОО, «Дельфин» (қазіргі «Жастар») жүзу бассейні, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан самарқандтық жауынгерлер ескерткішінің макеттері орналасқан.  
  6. «Қазақстан жолы» залы - бұл залда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы ақпарат ұсынылған. Залдың ортасында елдің тарихи даму барысын бейнелейтін барельефі бар баған орналасқан. Көркем композицияның орталығы қазақстандықтардың одан әрі дамуы мен өркендеуіне деген ұмтылысын бейнелейтін "Қазақ Елі" мүсіндік ансамблінің фрагменті болып табылады. Авторы-Ерлан Жұбанышев. Сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтары мен аса маңызды киелі жерлері туралы ақпаратты көруге болатын Қазақстанның картасы бейнеленген. Интерактивті панелдерден тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өмірінің жарқын оқиғалары туралы ақпараттармен танысуға болады.
  7. «Спорттық даңқ» залы - 2020 жылы ашылды, бұл залда Теміртау қаласы мен Қарағанды өңірінің белгілі спортшылары, жаттықтырушылары туралы ақпарат бар, сондай-ақ белгілі спортшылар, ХХ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров пен төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің жеке заттары қойылған.Залда Теміртау қаласының Құрметті азаматы, комбинат ардагері, ауыр атлетикадан спорт шебері, кәсіби пауэрлифтингтен әлем чемпионы Айтжан Исаковқа арналған бұрыш бар.
  8. «Дәстүр мен ғұрып» залы - 2022 жылы қазақтың ұлттық дәстүрлері мен материалдық құндылықтарын насихаттау мақсатында ашылды. Залда барлық қажетті жабдықтары бар киіз үйдің жартылай ашық моделі орнатылған. Киіз үй-ежелгі көшпенділердің басты жылжымайтын үйі, ол өте тез бөлшектеледі және жиналады, тасымалдау кезінде ыңғайлы. Киіз үйдің пайда болуы қола дәуірінен басталады. Киіз үйлер біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдан бастап кең таралған, ал жүннен киіз басу кеңінен танымал мамандыққа айналды.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Веб-сайт temcenter.kz
Мекенжайы Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 40
Scroll to Top