Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Айбалта

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 69848d519e669718d

Сабы күміспен қапталған қазақтың жауынгерлік балтасы. Мерзімі: ХІХ ғасыр.
Айбалта -қазақ жауынгерінің ұрыс қаруы. Қарудың жалманы жарты ай тәрізді,
жүзі трапеция түрінде, шүйдесі төртбұрышты келген. Жалманы мен шүйдесінің екі жақ беті
өрнектелген. Жалманында екі жанында қазақ батырының садақты тартып отырған күйде бейнеленген. Жауынгер жоғарғы қарай шапшып тұрған тұлпар үстінде отырса,
тұлпардың алдынғы екі аяғында екі барс бейнесі ойылып бейнеленген.
Шүйдесінің негізгі бөлігінде төртбұрышты жақтау ішінде екі аққу құсының бейнесі бейнеленген.
Шүйдесіндегі бейнелер анық емес. Айбалтаның шүйдесінің екі жаны
ойықты келген. Сабы қысқа, ағаштан жасалған, бір шеті дөңгелене келген.Сабында қарудың
негізгі бөлігінен 13,5 см кейін 960 пробалы күміс пластинамен
қапталған. Пластина бетінде өсімдік тектес жапырақ тәрізді бейнелер нақышталған.

Scroll to Top