Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Үлкен тостаған

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

Тостағанның жалпақ көлденеңінен қайырылған ернеуі бар, ол сәл дөңес бүйірлі пошыммен жалғасып, пішінді түбімен аяқталып біткен. Ернеудің сыртқы бетінде шеңбер бойымен отыз екі сақина, ішінде (ортаңғы бөлігінде) - екі концентрлік шеңбер түріндегі өрнек ойып салынған. Күміс тостағанның түбі сегіз жапырақты розетка пішінді, ол аласа түп дөңгелекпен аяқталады және тостағанның пошымына сегіз күміс бұрандама тойтарма шегемен бекітілген.

Ж.с.д. V-IV ғғ.
Күміс, құйма
Биіктігі 3,8 см, ұзындығы 15,6 см
Есік обасы, Жетісу
К.А. Ақышевтің қазбасы

Scroll to Top