Аласа ғана тік мойыны, аздап жоғары қарай созылыңқы бүйірі бар, жоғарғы бөлігі дөңгелек және төменгі бөлігі сүйір, табаны тегіс және мойыны мен шүмегін жалғап тұрған қимасы дөңгелек-ромб тәрізді тұтқасы бар құмыра. Шүмегінің жоғарғы бөлігі ромб пішіндес қақпақ түрінде жасалған, шүмегінің төменгі бөлігі саусақ бүкпесі түрінде орындалған. Шүмегінің ұзындығы - 15 см. Ыдыстың иық бөлігі шеңбер және тікбұрыш түріндегі қалыптама өрнектермен безендірілген. Қалыптамалардың арасындағы жапсырмалардың көлемі 6×3 см.
X-XI ғғ.
Саз, күйдіру
15 × 35 ×3 см
Испиджаб қала жұрты, Оңтүстік Қазақстан