Екі өркешті екі түйенің бір-бірінің жалынан тістесіп, айқасып тұрғаны композиция арқылы безендірілген қапсырма. Түйелердің мүсіндері бір жақ қырынан көрсетілген және әрбір дене мүшелері анық бедерленген. Түйелердің басы жақсы сомдалған, құлақтары артқа қарай тарбиған және көздері миндаль пішінді етіп анық бедерленген. Үлпілдеген жалдары толқынды сызықшалар арқылы көрсетілген, ол кейін мойынға ұласып жатыр. Денесі шағын екі өркеші бар. Құйрығы тік, жоғары көтерілген. Алдыңғы өркештен басталған сызық бұйымды ілуге арналған ілмек түрінде жасалған. Түйелер экспрессивті үлгіде бейнеленген, жануарлардың түрлік ерекшеліктері анық көрсетілген.
Ж.с.д. V-III ғғ.
Қола, құйма
7,8 × 7 × 1,5 см
Бесоба, Батыс Қазақстан
М.К. Қадырбаевтың қазбасы