Екі өркешті екі түйенің бір-бірінің жалынан тістесіп, айқасып тұрған композиция арқылы безендірілген қапсырма. Түйелердің мүсіндері бір жақ қырынан көрсетілген және әрбір дене мүшелері анық бедерленген. Түйелердің басы жақсы сомдалған, құлақтары артқа қарай тарбиған және көздері миндаль пішінді етіп анық бедерленген.
Ж.с.д. V-III ғғ.
Қола, құйма
7 × 6,6 × 1,6 см
Бесоба, Батыс Қазақстан
М.К. Қадырбаевтың қазбасы