Алтыннан жасалған, жоғарғы жағы төртбұрышты пішінде, оның ортасына орналасқан тассыз бітеу қастың екі шетіне сегіз тәрізді өрнек дәнекерленген. Жүзіктің екі қыры да қалыңдатылып дәнекерленген. Жүзіктің төменгі жағы емізік тәрізді етіп қалыңдатылған.
XV ғ. басы
Алтын, құйма, дәнекерлеу
Диаметрі 1,6 см
Сайрам көмбесі, Сайрам қалашығы, Оңтүстік Қазақстан
Б.Ә. Байтанаевтың қазбасы