«Анаға Құрмет» музейі
«Анаға құрмет» музейі-әйелдердің тарихы мен өмір салтын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығына, ана мен отбасы институтын нығайтуға арналған.Ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді жаңғыртуға бағытталған музей. Музейдің негізгі бағыты-қазақ әйелінің отбасы мен қоғамдағы рөлін таныту, аналардың күнделікті еңбегі, бала тәрбиесі, шаңырақ сақтаудағы жауапкершілігі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау. Музей бейіні қазақ әйелдерінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрге адалдығын, жоқшылық пен қиын кезеңдерге төтеп берген рухани күшін көрсетуге негізделген. Экспозициялар арқылы аналардың сабыры, еңбегі мен өмірлік тәжірибесі көрініс табады.
Халықаралық қатынас тілдері университетінің профессоры Шпекбаева Бақыт Жатқанбайқызының идеясымен ашылды. Бақыт ханымның бала күнгі армандарының бірі аналарға арналған музей немесе орталық ашу болған екен. Кейіннен білім алып, осындай дәрежеге жеткен соң, Елбасымыз жасаған рухани жаңғырудың «Туған жерге туыңды тік» атты бағдарламасы бойынша Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округіне қарасты Жандосов трассасының 26 шақырымында Іле Алатауының баурайында «Анаға құрмет» деген атпен музейді ашылды. Ғаламтор жүйесін ашып қарасаңыз дүниежүзінің өзінде аналарға арналған мемлекеттік музейлер жоқ екен. Тек жеке адамдарға арналған музей бар, ал аналарға арналып арнайы салынған, іші осындай құнды жәдігерлерге толы музей бізде ғана. Екі қабатты музей ғимаратының жалпы ауданы 750 шаршы метр. Мұндай орынды ашу туралы идеяның авторы Бақыт Шпекбаева. Тіпті кейбір экспонаттарды жинаған да өзі. 2021 жылы «Анаға құрмет» музейінің жанына Сурет галереясы, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналардың құрметіне арналған «Анаға тағзым» атты ескерткіші бар.
Жәдігерлер кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жинастырылған. Музей 7 бөлімнен тұрады.
1. Этнография бөлімі
Бұл бөлімде қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, күнделікті өміріне қатысты заттар қойылған. Ол арқылы ата-бабамыздың қалай өмір сүргенін білеміз.
2. Зергерлік бұйымдар бөлімі
Мұнда әжелеріміз бен аналарымыз таққан әшекейлер көрсетіледі. Зергерлік бұйымдар тек сән үшін емес, қорғаныш пен мағынасы бар мұра ретінде сақталған.
3. Көне кимешектер әлемі
Бұл бөлімде қазақ әйелдерінің бас киімі-кимешектер ұсынылған. Кимешек әйелдің жасын, дәрежесін, тәрбиесін білдіретін қасиетті киім болған.
4. Қол өнер бұйымы
5. Ата-бабамыздың қолымен жасалған тұрмыстық және сәндік бұйымдар қойылған. Бұл бұйымдар халқымыздың еңбекқорлығы мен шеберлігін көрсетеді.
6. Батыр аналар бөлімі
Бұл бөлім қазақ аналарының ерлігі мен даналығына арналған.Елге тірек болған, ұрпақ тәрбиелеген батыр аналардың рухы таныстырылады.
7. Ислам - ғылым діні (Көне құран кітап бөлімі
Мұнда көне Құран кітаптары мен діни жәдігерлер сақталған. Бұл бөлім ислам дінінің білімге,ғылымға,тәрбиеге шақыратын дін екенін көрсетеді.
8. Көркем сурет галереясы
Мұнда түрлі суретшілердің туындылары, көркемдік пен руханиятты біріктірген картиналары бар. Галереяда ұлы аналар мен әйелдердің суреттері қойылған.
Әйел кейпіндегі балбал тас. VI-VII ғғ. Жергілікті өңірден табылған.
Бұл ерекше жәдігер - түркі дәуірінен жеткен сирек мұралардың бірі. Әдетте балбал тастар ер адамның бейнесінде қашалса, бұл тас әйел кейпінде сомдалған. Мұндай үлгілер Қазақстан аумағында өте сирек кездеседі, сол себепті бұл артефакт - тарихи әрі мәдени тұрғыдан аса құнды мұра. Балбал тастар ежелгі түркілердің жерлеу және еске алу дәстүрлерінің маңызды бөлігі болған. Олар көбінесе ержүрек батырлар мен жауынгерлерді бейнелеген. Ал әйел бейнесіндегі бұл балбал-сол дәуірде әйелдің де қоғамда ерекше орын алғанының айғағы. Осы тастың көмегімен біз VI-VII ғасырлардағы түркі қоғамындағы әйел мәртебесін, рухани мәдениетін және аналық образдың қадірін терең ұғына аламыз.
Жұмыс уақыты
10:00 - 17:00
Билет құны
тегін/бесплатно
Мекенжайы
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы, Жандосов трассасы 26 шақырым