Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

Қазақстан Республикасының  мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру және тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз ету Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:

1) зерттеу, ағарту, жинақтау, сақтау, экспозициялық көрме  жұмыстарын іске асыру;

2) жергілікті мәндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау ісіне ықпал ету;

3) облыс ақын-жазушыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі материалдар мен білімдерді сақтау, зерттеу және насихаттау.

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланған. 1993 жылы музейге ұлы философ, ақын Бұқар жыраудың есімі берілді. Теңдесі жоқ және республикадағы бірегей музей 1897 жылы салынып, айшықты оюлармен көмкерілген, мейлінше көрікті ағаш үйде орналасқан. 

Музейде 7 көрме залы бар:

Халық ауыз әдебиеті залы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті-ұлттың сан ғасырлық рухани мұрасы. Ол өзінің терең мазмұны, көркем тілі, мол жанрлық түрлері және тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. 

Көне түркі жазба ескерткіштері залы. Бұл залда VII-IX ғасырларға тән көне түркі руна жазулары мен қолжазбалары, сондай ақ түркі әліпбиіндегі әртүрлі мәтіндер ұсынылған. 

Бұқар жырау залы. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі-Бұқар жырау Қалқаманұлы. Ол елдің бірлігі мен болашағына терең алаңдаған өз дәуірінің дара көшбасшысы болды 

XX ғ. басындағы әдебиет залы. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсіздікті аңсау идеясын ашық және батыл көтерді. XX ғасыр басында әдебиетке келген ақын жазушылардың барлығы да осы дүбірмен оянғандар еді. 

Әдебиет достығы залы. «Әдебиеттер достастығы» залы-қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған өзге ұлт өкілдерінің шығармашылығына арналған. 

Қазіргі заман әдебиеті залы. Қазіргі заман әдебиеті залында тәуелсіздікпен бірге жаңа белеске көтерілген қазақ әдебиетінің даму жолынан сыр шертетін жерлес қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыштар орналасқан. 

Өнер залы. Бұл залда-даласы дастанға толы, таулары тарих сырын шертетін Ертіс-Павлодар өңірінен шыққан өнер тарландарының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын экспозициялар мен тарихи құндылығы жоғары жәдігерлер қойылған. 

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 300 тг.
Веб-сайт litmuseum.kz
Мекенжайы Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Марғұлан көшесі 97
Scroll to Top