Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сәкен Ғұмаров музей-үйі

Суретші С. Ғұмаров музей-үйі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі. Музей 1995 жылы суретшінің бұрынғы шеберханасы негізінде ашылған. С. Ғұмаров музей-үйі суретшінің туындыларын насихаттайтын мемориалдық музей.

Музей-үйінде КСРО журналистер Одағының, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлының өмірі мен тылсым сырға толы туындыларымен танысуға болады. Сәкен Ғұмаровтың алғашқы жеке көрмесі 1990 жылы өнертанушы Т. Ржанковский мен Н. Кривуцы деген адамдардың ұйымдастыруымен Киевте өткен. Сондай-ақ Мәскеу, Будапешт халқын таңғалдырып барып, содан кейін ғана Алматыда көрмесін өткізген.

С. Ғұмаров суреттерін абстракция, мистицизм, түркілік сарын деген үш бағытта салған. Сәкен Ғұмаров «Түркілер», «Бағзы заман түркілері», «Аспани әуез», «Бестиарий», «Қанағаттың ақ күні», «Ақ қаз», «Бастар мен денелер» картиналары мен циклдері көрген жанды тылсым әлемге тартады. Көркемсуреттің қазақстандық поставангардизм бағытының негізін салып кеткен суретшінің өнеріне куә болған адамның бей-жай қалатыны сирек.

Музейде 2 зал жұмыс істейді. Музейдің кіші залында суретшінің өз қолымен тіккен ұлттық киімі, КСРО суретшілері мен журналистік мүшелік билеті, домбырасы, ескі Құран кітабы, Інжілден алынған өсиет сөздер жазылған блокноты, суретші экстросенсорика және сенсорикалық зерттеу бағдарламасы бойынша курс бітіргені туралы куәлігі, қалта сағаты, қылқаламдары, студенттік билеттері, сыйлыққа берілген заттары қойылған.

Музейдің үлкен залында С. Ғұмаровтың «Шәкәрім», «Шолпан-нысан», «Тасқа айналған естелік», «Құстар», «Қолжетпес арман», «Түн. Тышқандар биі», «Мың сан шұғылалы сәулелер», «Қасиетті көгершіндер шоғыры» атты картиналары көрермен назарына ұсынылған.

Жұмыс уақыты 10.00-18.00
Билет құны от 150-500 тг. ҰОС және Тыл ардагерлеріне тегін
Scroll to Top