Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі

Нұра ауданындағы тарихи-өлкетану музейі 2006 жылы алғаш рет Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өлкетану секторы ретінде ұйымдастырылды. 

Бүгінгі таңда музейдің жалпы ауданы 875 шаршы метрді құрайды. Қорында 3452 сақтау бірлігі бар, оның ішінде негізгі қор - 1965 бірлік, ғылыми-көмекші қор - 1486 бірлік.

Музейдің экспозициялық залдары:

1. «Археология және этнография» залы - Бұл залда ежелгі дәуірлерден сыр шертетін жәдігерлер ұсынылған. Атап айтқанда: Көшпелі халықтардың материалдық мәдениетіне тән «ер қаруы - бес қару», ат әбзелдері, зергерлік сәндік-қолданбалы бұйымдар; Көшпелі түркі халықтарының дәстүрлі тұрғын үйі - киіз үйдің ішкі көрінісі; Ерте темір дәуіріндегі темір өңдеу ісінің үлгілері; Аудан аумағындағы археологиялық және мәдени ескерткіштер туралы мәліметтер; Ауданның табиғи ресурстары, флорасы мен фаунасына қатысты материалдар қамтылған.

2. «Ерлік Даңқ залы - Бұл залда Нұра өңірінің батыр ұл-қыздарының ерлік жолы баяндалады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аудан азаматтарының қатысуы, соғыс ардагерлері, фашистік лагерлер тұтқындары жөніндегі мәліметтер; Ауған соғысының ардагерлері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы деректер; Республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосқан көрнекті тұлғалар және «Нұра мақтаныштары» жөнінде ақпарат берілген.

3. «Астық залы» - Нұра ауданы - облыстағы ірі астықты өңір ретінде белгілі. Бұл залда: Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар мен жетістіктері; Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіндегі совхоз директорлары; «Шұбаркөл көмір» АҚ разрезі кешені, ЖШС басшылары; Мәслихат депутаттары, орден иегерлерінің өмір жолы мен еңбек жолдары баяндалады. 

Нұра аудандық тарихи-өлкетану музейі - өңір тарихын жүйелі түрде танытып, ұлттық жадыны сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарып отырған мекеме

Жұмыс уақыты 09.00-18.00
Билет құны для иностранных посетителей-500 тг, для взрослых-300 тг, для школьников-100 тг.
Scroll to Top