Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Атамұра» музейі

Жылыой өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында құрылған «Атамұра» музейі - ауданның рухани-мәдени орталығы болып табылады. Бұл мекеме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан кейін, елдегі тарихи мұраларды жаңғырту, өлке тарихын зерттеу мен таныту бағытындағы мемлекеттік саясатқа сай құрылды. 

Музей 1999 жылы Жылыой ауданы әкімдігінің шешімімен ашылған. Оның негізгі міндеті – өңірдің бай тарихын, этнографиясын, археологиялық және мәдени жәдігерлерін сақтау мен көпшілікке таныстыру болды. Ашылған кезінен бастап музей өңір тұрғындарының, зерттеушілер мен мектеп оқушыларының қызығушылығына ие болды.

Алғашқы жылдары музейдің экспозициясы шектеулі болғанымен, уақыт өте келе тұрғындар мен мекемелердің көмегімен жәдігерлер саны арта түсті. Археологиялық табыстар, көнеден жеткен тұрмыстық бұйымдар, фотосуреттер, құжаттар мен этнографиялық материалдар топтастырылды.

Музейдің жалпы аумағы 752 ш.м. құрайды. Музей қоры 7600 сақтау бірлігін құрады.  

Бүгінде «Атамұра» музейінде өлкенің бай тарихын, мәдениетін, табиғатын және заманауи дамуын жан-жақты танытатын 4 эскпозиция залы жасақталған. Олар: 

1. «Археология, этнография және мәдени мұра» залы - көне дәуірлерге тән археологиялық жәдігерлер, Сармат-сақ кезеңіне тиесілі бұйымдар, қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін этнографиялық заттар, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған.

2. «ХХ-ХХІ ғасырдағы өлке тарихы» залы - Жылыой өңірінің кеңестік кезеңнен бастап бүгінге дейінгі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы, мұнай-газ өнеркәсібінің өркендеуі, еңбек ерлері мен қоғам қайраткерлерінің еңбегі сипатталады.

3. «Табиғат әлемі» залы - өңірдің ерекше табиғаты, флорасы мен фаунасы, экожүйе ерекшеліктері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі экспозициялар арқылы көрсетіледі.

4. «Көрме» залында залында уақытша және тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, музей қорындағы құнды жәдігерлер мен заманауи авторлық туындылар көпшілік назарына ұсынылады. Жергілікті кәсіби қолөнер шеберлері мен суретшілердің арнайы көрмелерін ұйымдастыратын орталығы.

 Қазіргі таңда аудандық музейдің екі бірдей ғимараты бар, оның бірінде экспозициялық залдар орналасса, екінші ғимарат сурет, қолөнер бұйымдарының көрме залы, шеберхана ретінде қызмет етеді.

Сабақтастықты жандандыру мақсатында өлке шежіресіне жанашыр азаматтарды, ардагерлерді тарта отырып, «Музей жанындағы кеңес» құрылды. 

Музей өлкетану бағытында жылма-жыл 9-10 мың көрерменге мәдени-рухани қызмет көрсетеді. Музей жанында «Жас өлкетанушы» үйірмесі жұмыс жасайды. Қызметтік талаптарына сәйкес көшпелі және музейішілік көрмелер, экскурсиялар, Жылыой өлкесі тарихын, айтулы азаматтарын насихаттау мақсатында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады.

Часы работы 09.00-18.00
Стоимость билета 150
Scroll to Top