Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі

Музей жалпы  адамзат баласының өмірінде және рухани мәдениетті  танытуда, зерттеу мен  насихаттауда үлкен рөл атқарады. Музей - табиғи - тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің  ескерткіштерін, ағартушылық және дәріптеу қызметіндегі музейлік маңызы бар заттарды жинау, тану, сақтау ісімен айналысатын мекеме. Музей бірінші күндерден бастап өз қызметін бес бағыт бойынша атқарады:

1.Ғылыми - зерттеу және жинау жұмысы

2. Ғылыми қор жұмысы

3. Ғылыми  - экспозициялық жұмысы

4. Көпшілік - ағарту жұмысы

5. Баспасөз жұмысы

3. Музейдің құрылу тарихы:   

Музей  1987 жылы аудан тарихын насихаттайтын «тарихи-этнографиялық музей» деген атаумен құрылды. Музейдің орналасқан ғимараты 1933-1934 жылдары Кеген аудандық коммитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсенді атсалысқан Ораз Жандосовтың тұрған үйі болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін 2011 жылы Райымбек аудандық тарихи - өлкетану музейі болып өзгертілді. Мұражай ғимаратын жаңарту мақсатында 2012 жылы қайта салынып, 2014 жылы 22 тамызда пайдалануға берілді. 2018 жылы Райымбек және Кеген аудандары екіге бөлінгеннен кейін Кеген аудандық тарихи - өлкетану музейі болып өзгертілді.

Музейдің кіре берісінде арнайы дайындалған «Мәңгілік өмір бәйтерегі» атты композициясы орнатылған.Музей  төрт экспозициялық залдан тұрады. Олар: өлке табиғаты залы, көне және ортағасырлық тарих залы, кеңес дәуірі жылдардағы өлке тарихы залы, тәуелсіздік залы. 

Өлке табиғат залы-музейдің «Табиғат» залы - Ш.Уәлиханов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Н.А. Северцев, И.В. Мушкетов белгілі ғалымдар мен саяхатшылардың экспозициясынан басталады. Ең алғашқы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуынан көрініс беретін мини-диорамалар орналастырылған  және Аудан жерінде кайнозой кезеңінде өмір сүрген алып сүтқоректі жануарлардың болғандығының дәлелі ретінде назарларыңызға  кездейсоқ табылған мамонт азу тісімен алып жануардың жілік сүйегінің жартысы  және де аудан аймағын мекен ететін аңдар мен құстардың тұлыптары  ұсынылған. Залдың өзі Хан - Тәңірі шыңы, Көлсай көлдері мен Шарын шатқалының суреттерімен толықтырылған. Педагог, зоолог-табиғат зерттеуші - Досан  Дуанқұловтың экспозициялық кешені орналастырылған.

Көне және ортағасырлық тарих залы -  Бұл зал экспозициясы алғашқы адам көрініс беретін диорамадан басталады.  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетовқа арналған экспозициялық комплекс. Сонымен қатар, сонау  тас ғасырының неолит дәуіріне жататын, өлке территориясынан табылған тас еңбек құралдарымен толықтырылған. Ғылымға «Кеген жазбасы» деген атпен енген Қарқара өзенінің маңынан табылған мүсін тас суреті мен түпнұсқа тастар берілген.    Археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышев. 1988 жылы Кеген ауданы Жалаулы ауылының маңынан табылған алтын бұйымдардың фотосуреттері және Есік обасынан табылған сақ дәуіріне жататын алтын пластиналардың киімде орналасу ретін көрсету мақсатында «Алтын адам» реконструкциясы қойылған.

Жібек жолының бойындағы ірі сауда, мәдени және саяси орталық ретінде  елеулі қызмет атқарған археолог ғалымдар Чыгуды: 10 км жердегі Құмтөкей деп аталған. тарих ғылым докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың жеке экспозициялық кешені бар.

 Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрсеткен батырлардың, би шешендердің, жыршы жыраулар мен емшілердің экспозициялары ұсынылған.

Кеңес дәуірі жылдардағы өлке тарихы залы - Қарқара жәрмеңкесі, 1916 жылғы Қарқара көтерілісін ұйымдастырған болыс басшылары, Кеңес үкіметін құруға ат салысқан алаш қайраткерлерінің экспозицияларымен басталады. Кеңес үкіметінің орнауы,  ұжымдастыру мен байлардың малдарын тәркілеу, ашаршылық, репрессияға қатысты құжаттар мен фотосуреттер орын алған.  1933-1934 жылдары Кеген аудандық коммитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсенді атсалысқан Ораз Жандосовтың, Қазақ Акср Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Нұрбапа Өмірзақов, ауданымыздан шыққан екі бірдей академик, тарих ғылымдарының докторы Ақай Нүсіпбеков, Кеңес Нұрпейісовтың жеке экспозициялық кешендері мен Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған кешендермен аяқталады.

Тәуелсіздік залы - 16 социалисттік еңбек ері, белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың экспозицияларынан басталады. Ауданымыздан шыққан білім беру саласының үздіктері, қоғам қайраткерлері, медицина саласының үздіктері, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері сонымен қатар Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев, Мемлекеттік Рәміздерге арналған экспозициясы, спорт саласының үздіктері, театр тарландары мен сахна саңлақтары және өнер қайраткерлері мен аяқталады. 

Белгілі жазушы «Қазақ әдебиеті» газеті, «Балдырған» журналы жазушы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында режиссер, Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесшісі Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаевтың пайдаланған заттары.

Жұмыс уақыты 10:00 - 17:30
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Қонаев көшесі 77
Scroll to Top