Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қобда аудандық музейі

Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейінің Қобда аудандық бөлімі 1999-2012 жылдар аралығында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Өлкетану бөлімі есебінде қызмет етті.

Бөлім 1999 жылдың 24 шілдесінде Қобда ауданының 70 жылдығы қарсаңында ашылып, келушілерді қабылдай бастады. Ондағы безендіру-көркемдеу жұмыстарын суретшілер Тресбай Әуезов пен Ғабиден Шоқанов жүргізді. Әр жылдары Өлкетану бөлімінде Жұмасұлу Матаева, Жанна Қарағұлова, Кәмилә Көрпешова және Гүлбаршын Ерғалиева сынды қызметкерлер еңбек етті.

Өлкетану бөлімі 2012 жылдың 1 сәуірінде Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне қосылып, «Қобда аудандық бөлімі» деп аталып, өз қызметін жалғастырады. Бөлімнің негізгі қызметі тарихи-мәдени ескерткіштер мен оқиғаларды түрлі қоғамдық-мәдени маңызы бар шаралар барысында насихаттау, рухани-адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру және жинақталған қор материалдарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Әр жылдары бөлімнің меңгерушісі К. Көрпешова және Қ. Шәкенов өз білімдері мен тәжірбиесін  қызметіне арнаса, қазіргі таңда бұл қызметті Г. Ерғалиева абыройлы атқарып келеді.  

Бүгінде Қобда аудандық бөлімінің қызметкерлері Г. Ерғалиева, Ж. Егізбаева, И. Алдабергенова және т.б. қызметкерлер музей ісінің дамуына өзіндік үлес қосып, жемісті еңбек етуде. Атап айтсақ, 2013 жылы музей меңгерушісі К. Көрпешева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, 2022 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» фестивалінде Г. Ерғалиева «Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Қобда ауданының абыройын асқақтата білді.

Қобда бөлімі 3 залдан тұратын жиырмаға жуық экспозицияны халыққа таныстырып қызмет атқарып келеді. 

1. Қобда бөлімінің тарихы

2. Қобда ауданының Табиғаты

3. Қобда ауданының археологиясы

4. Құт қонған Қобда

5. Қазақ хандығы XV-XVI ғ.ғ.

6. Қазақ хандығы XVII-XVIII ғ.ғ.

7. Аттанып едім ел үшін

8.  Переселендер (Ел тағдыры-жер тағдыры)

9. Жолайрықта (Ел тағдыры-жер тағдыры)

10. Далама мешіт салдырған -артына мұра қалдырған (Ел тағдыры-жер тағдыры)

11. Даңқ залы.  Кеңес Одағының  Батыры 

12.  Мезгілсіз, мерекесіз өткендердің жандары біздерді айт деп сыбырлайды

13. Жалынды жылдар жаңғырығы

14. Ерлік пен елдік мекені

15. Жастық шағын отты жылдар шарпыған 

16. Домбырашы Елемесов 

17. Мәдени өмір майталмандары 


Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 200 тг.
Веб-сайт www.aqtobe-museum.kz
Мекенжайы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі 38
Scroll to Top