Сарқан ауданының тарихы музейі
Музей тарихи-өлкетану бейініне жатады. Сарқан өңірінің табиғатын, көне тарихын, этнографиясын және жаңа заман тарихын қамтиды. Сонымен қатар, оның құрамы мемориалдық бағытта да дамыған, себебі Азамат соғысы өткен жер аудан қарамағына қарасты «Черкасск қорғанысы» оқиғаларына негізделіп ашылған.
ҚазКСР Министрлер комитетінің шешімімен Сарқан ауданының тарихы музейінің жаңа экспозициясы 1978 жылы Черкасск Қорғанысының 60 жылдығына орай салынған ғимаратта орналасқан. ҚазКСР мәдениет министрлігінің 1968 жылғы 1 қаңтардағы шешімімен азамат соғысы жылдарындағы әскери кеңес орналасқан ғимаратта ашылды. Қазіргі таңда ол ғимаратта Черкасск қорғанысына арналған экспозициялық кешен жұмыс жасайды. Музейге қарасты нысандар саны - 2 (екеу). Олар:
1) Черкасск Қорғанысы экспозициялық кешені 1910 жылы салынып 1918-1919 жылдары әскери штаб ғимараты ретінде қолданыста болған. 2017 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.
2) 1973 жылы шілде айының 12 күні қорғаушылардың қаза болғандарына және тірі қалғандарына мемориалдық комплекс тұрғызылды. Олардың авторы-сәулетшілер Тимур Сулейменов және Алмаз Ордабаев.
Музей экспозиясы үш бөлімнен тұрады:
1. 1917 жылға дейінгі аудан тарихы;
2. Кеңес дәуіріндегі өлке тарихы 1917-1991 ж.ж;
3. Тәуелсіздік жылдарындағы өлке (1991 жылдан бастап).
1. Қарлұқ қағанатының астанасы болған көне Қойлық қалашығы (XII ғ), Жетісу жеріндегі Жоңғарларға қарсы жүргізілген екі үлкен ірі шайқас (Орбұлақ шайқасы 1643 ж., Аңырақай шайқасы 1729 ж.), Сарқан өзенінің бойына қоныс тебуші орыс шаруалары (1858 ж.) мен 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс басшылары мен қатысушылары;
2. Жетісу жеріндегі Кеңес үкіметін орнату саясатына қатысушылар, Азамат соғысының қатысушылары (1918-1919 жж.), өлке тарихындағы ұжымдастыру саясатының салдары (1729-1730 жж.), Алаштың арысы қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбайұлы өмірі мен еңбегі (1879-1937 жж.), ҰОС ардагерлері мен қатысушылары (1941-1945 жж.), Сарқан ауданының мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен өнері;
3. Аудан тарихындағы 1991 жылдан бастап болған тарихи оқиғаларды баяндайды. Сонымен қатар XX ғасырдағы қазақ халқының, орыс халқының тұрмыс және шаруашылық заттары. Ауданымыздан шыққан белгілі тұлғалары мен тумалары.
Музей қорындағы ең құнды жәдігер
Музей қорында 2000-нан астам жәдігер сақтаулы. Олардың ішіндегі ең құндысы - зеңбірек. 1904 жылғы әскери тарихтағы ең танымал қарулардың бірі - 76 мм дивизиялық үш дюймдік зеңбірек (пушка), сол заманның қару-жарағы. Бұл зеңбірек 1918 - 1919 жж азаматтық соғысында өзінің тиімділігін көрсеткен.
Жұмыс уақыты
10:00 - 18:00
Билет құны
300 тг.
Мекенжайы
Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Черкасск ауылы, Қойшыбеков көшесі 78