Төлеби аудандық музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасы «Төлеби ауданының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Төлеби ауданының тарихи-өлкетану музейі. Ауданның тарихы, мәдениеті мен этнографиясына қатысты жәдігерлер сақталған.
Музей ғимараты 2001 жылы Ленгір қаласындағы Ғарыш кинотеатрына қосымша 2-ші қабатын соғып, музей ашылған. Ауданда музейдің ашылуына сол кездегі аудан әкімі Қ.Алдабергеновтың қосқан үлесі зор. Алайда бұл қосымша соғылған қабатты (2-ші этаж) музей жалға алып отырды. Музей Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты мекеме болғандықтан 2023 жылы аудан ғимаратты қайтарып алды. Қазіргі таңда жалпы ауданы 162 ш.м., экспозициясы 88 ш.м., құрайтын ғимаратты жалға алып отыр. Музей қорында қазіргі таңда 3 569 жәдігер бар. Музей жылына 10 мыңнан астам келушілерге қызмет көрсетеді.
Төлеби ауданының музейінде 1 зал қамтылған.
Музей экспозициясы:
- «Төлеби жері - көне жұрттар мекені» (аудан тарихы, табиғаты, археологиялық ескерткіштері, ислам дінінің таралуы тұсындағы әулиелі жерлер);
- «Өлкеміздің қазақ хандығының тұсындағы тарихы» (қазақ хандығы тұсындағы хандар, үш жүздің билері, қазақ батырлары);
- «Қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығы» (этнографиялық бұйымдар);
- «Зұлмат жылдар»;
- «Алғашқы өндіріс Ленгір шахтасы»;
- «Ел мен ердің жеңісі»;
- «Ауғанстан - жанымның жарасы»;
- «Ауданнан шыққан ғалымдар мен қайраткерлер»;
- «Ауданның құрметті азаматтары»
- «Өскен өңір қыздары»
- «Бейнелеу өнерінің саңлақтары»
- «Ел абыройын асқақтатқан спорт саңлақтары»
- «Кәсіпкерлік. Өндіріс саласы»
- «Ауданның демалыс-сауықтыру орындары» атты тақырыптарды қамтиды.
Төлеби ауданының музейіндегі бағалы жәдігерлер: балбалтас (VI-VII ғғ.), тон шалбарымен (XX ғ. басы), теркеш (XX ғ. басы), сфераконус, торсық.
Жұмыс уақыты
9:00 - 18:00
Билет құны
500 тг.
Мекенжайы
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Әйтеке би көшесі 50