Д.А. Қонаев орталығы
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қалалық бөлімі ретінде 2022 жылы Д.А. Қонаев орталығы ашылды.
Д.А. Қонаев орталығының ашылу мақсаты - Советтік Қазақстанды басқарған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа жеткізу және насихаттау.
Д.А. Қонаев орталығы мазмұнына сай экспозиция 15 тақырыпқа бөлінген, олар: Д.А. Қонаев шежіресі, Д.А. Қонаевтың балалық шағы мен білім алуы (1912-1931 ж.ж.), Студенттік жылдары (1931-1936 ж.ж.), мен қызметінің бастамасы (1931-1942 ж.ж.), Д.А. Қонаевтың саяси қызметке келуі (1942-1960 ж.ж.), Д.А. Қонаевтың саяси портреті, Д.А. Қонаевтың кезінде салынған қалалар мен өнеркәсіптердің саяси картасы, Қазақстан Орталық Комитеттің бірінші хатшысы кезеңі, Мәдениет пен өнер, Білім мен ғылым, Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы және сәулет, Д.А. Қонаевтың бюсті мен нақыл сөзі, естелік коллажы, Д.А. Қонаевтың жұмыс кабинеті инсталяциясы және ішкі және сыртқы саясатқа арналған экспозиция жасақталған.
Жалпы Ұлы тұлғаның өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін кеңінен насихаттау мақсатында Д.А. Қонаев орталығының ұйымдастыруымен біршама ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.
Жұмыс уақыты
10:00 - 18:00
Билет құны
200 тг.
Мекенжайы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Д. Қонаев көшесі 6