А. Әшімов шығармашылық орталығы
А. Әшімов шығармашылық орталығы - ҚР Еңбек Ері, Халық әртісі, актер және режиссер Асанәлі Әшімұлының шығармашылығын насихаттайтын мәдени мекеме. Орталық 2011 жылдан бастап Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі құрамында, қалалық мәдениет үйінің ғимаратында жұмыс істейді.
А.Әшімұлы шығармашылық орталығы екі экспозициялық залдан тұрады:
1-ші экспозициялық зал: А.Әшімовтың балалық, студенттік шағынан сыр шертетін жеке заттары мен фотосуреттері, ескі үйдің макеті, қойын дәптерлері, дискілер, кино өнеріндегі фотосуреттер, театр сахнасында қолданылған жеке заттарынан, әдеби шығармаларынан құралады.
Экспозицияда А.Әшімовтың спектакілде ойнайтын мәтіндерін жазып жүретін қойын дәптерлері, құжаттары қойылған. Асанәлі Әшімұлының ресми және бейресми сапарлармен барған елдер белгіленген глобусы бар. Онда шет елдер, А.Әшімовтың өзі барған, тек киносы көрсетілген, деген сияқты арнайы жіктерге бөлінген. А.Әшімұлы жайлы баспа бетінде жарық көрген мақалалар, 80-90 жылдардағы кинотаспалар қойылған.
2-ші экспозициялық зал: Белгілі суретшілер мен шеберлер бейнелеген, А.Әшімұлының портреттері пен мүсіндері, кино мен театр сахнасындағы, басты кейіпкерлерді сомдау кезіндегі киген киімдері экспозицияға қойылған. Сондай-ақ хоббиі, шахмат ойнау екенін айғақтайтын, шахмат тақтасы тұр.
Орталықта актердің қатысуымен түсірілген фильмдер мен спектакльдерінің қойылымдары көрсетіледі. Бұл мекеме А. Әшімовтің шығармашылығын насихаттап, өнер сүйетін жастарға тәлім беріп, студенттер мен мектеп оқушыларының, олардың ұстаздарының өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған арнайы шығармашылық кештер ұйымдастырады.
Жұмыс уақыты
10:00 - 18:00
Билет құны
200 тг.
Мекенжайы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Г. Рахимова көшесі 55