Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Кәсіпорнның негізгі мақсаты - тарихи және мәдени ескерткіштерід сақтау және зерттеу, осы бағыттағы ілімдерді түсіндіріп, тарату және өрістетіп кеңейту. Қазақстан аумағында тұратын халықтардың рухани және ізгілік мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу. 

Музей қызметінің бейіні:

Ғылыми зерттеу және жинастыру.

Ғылыми сақтау.

Экспозициялық.

Экспозициялық көрме.

Ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізіп, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау ісіне септігін тигізеді. Кәсіпорын тарихи және мәдени жүйелерді зерттеу мақсатында экспедициялыр және ғылыми іс-сапарлар ұйымдастырады. Мұражай бейініне сәйкес келетін жекеменшік коллекциялар мен жиналымдарды әртүрлі мұрағаттар, кітапханашылармен басқа да музейлердің қорында сақталып тұрған тарихи және мәдени ескерткіштерді іздестіріп табады және жинастырады. 

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі 2010 жылғы маусым айының 14-і күнгі №377 Қаулысы бойынша құрылды. 2011 жылғы қаңтар айының 25-і күнгі №22  Қаулысы бойынша бастауыш мектеп ғимараты музей ретінде берілді.

Музей алты экспозициялық залдан  бір аспан асты көрмесінен құралған.

Археология залы - Бұл залда аудан аумағында жүргізілген көптеген археологиялық экспедицияның нәтижесінде табылған ортағасырлық архитектураның көрінісі болған құрылыс заттары, сәулет өнерінде қолданған қабырға кірпіштері, тұрмыс заттары, су құбырлары қойылған. 

Этнография залы - Қазақ халқының тұрғын үйі киіз үй және киіз үйдің жабдықтары, дәстүрлі қолөнер бұйымдары, ас үй бұйымдары көрсетілген. 

Тарих залы - Байзақ ауданының құрылу тарихын суреттейтін бірнеше мақалалар, фотосуреттер, фотоальбомдар, тұрмыс заттары, зергерлік  әшекей бұйымдар да көрнекі орынға қойылған. 

Даңқ залы - Залда ҰОС батырлары, Социалистік еңбек ерлері  және Кеңес Одағының батыры А.Суханбаев туралы мәліметтер, жауынгер жабдықтары, естелік суреттер, медаль, ордендер, еңбекші елдің тылда қолданған құрал саймандары орналасты. 

Мәдениет және өнер залы - Байзақ ауданынан шыққан қазақтың маңдай алды азаматтары, ғылым, білім спорт, өнер саласында еңбегі сіңген мемлекеттік мәртебеге ие болған қайраткерлердің өмір тарихы, фотосуреттері, шығармалары көрсетілген. 

Көркем сурет галереясы - Бұл залда «Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі» кесенелерінің  макеттері мен жергілікті танымал суретшілердің шығармашылықтары орналасқан.

Аспан асты көрмесі VII ғасырдан бастап XIII ғасыр аралығын қамтитын құнды жәдігерлер, ежелгі дәуірден сақталған балбалтас, құмыралар, астық бастыруға арналған құрал, тасқа қашалған көне жазу, жер өңдейтін соқа, астау, адам бейнесіндегі балбалтас, қос доңғалақты көне арба,  тағы да басқа жәдігерлер орналасқан. 

Музей қорындағы тарихымызға бағалы ең қымбат жәдігер - тері кесте.

Кезінде апа-әжелеріміз өрнектеп кесте тіккенін бәріміз білеміз. Ал, Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі мына бір кесте өте ерекше. Ерекшелігі сол, ол мал терісін өңдеп, бетіне түрлі-түсті жіптермен әрлеп тігілген. Кестенің 200 жылдық тарихы бар. Мамандардың айтуына қарағанда, кестеге сиыр малының терісі қолданылған. Оның бетінде гүлдер мен жапырақ суреті бейнеленген. Ерекше туындыны Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылған 2010 жылдары көрші Жамбыл ауданының тұрғындары сыйға тартқан. Кестенің көлемі ұзындығы -30, ені-30 сантиметрді құрайды.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 200 тг.
Мекенжайы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі 102 а
Scroll to Top