«Жауынгерлік Даңқ» Музейі
«Жауынгерлік Даңқ» музейіАлматы облысы әкімінің 2011 жылдың 25-ші қаңтарындағы №19 қаулысы негізінде ашылды. Ғимараттың іргетасы 1963 жылдары қаланған. Қазіргі таңда Жетісу облысының 2019 жылғы 03 қаңтардағы № 01/1 қаулысына сәйкес, Жетісу обылыстық «Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің» филиалы «Жауынгерлік Даңқ» музейі болып қайта тіркелді.
Музейдің жалпы ауданы 291.7 шаршы метрді құрайды.Музейлік маңызы бар заттардың жалпы қорыныңсаны -776 дана.Оның 193-сы Негізгі қорды құраса, Көмекші қорда-583 дана экспонат бар. Жалпы музей ғимараты4 - экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бір бөлімнен тұрады.1). Көне заман тарихы, 2). Қазақ хандығы және Ұлт-азаттық күрес қаһармандары, 3). Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңі (1941-1945ж.ж.) 4). Интернационалист жауынгерлер (1979-1989 ж.ж.) және Тәуелсіздік батырлары деп аталады.
Музейдің әр залы - ата - бабаларымыздың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері мен қазақ сарбаздарының қару-жарағы түрлері және олардың түрлі соғыс тәсілдері мен ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық түрде бейнелейді.Мәселен, Көне заман тарихы залы - Қазақ жеріндегі өркениетінің алғашқы кезеңдері Сақтардан бастап Түркі қағанаты дәуіріне дейінгі тарихын қамтитын маңызды экспозициялық бөлім. Бұл залда археологиялық қазбалардан табылған тастан жасалған тұрмыстық құралдар, қыштан жасалған ыдыстар, қару-жарақтар және қазақ батырларының жекпе-жек шайқасының диорамасы. Және Сақ, Ғұн, Түрік заманын бейнелейтін сурет-графикалық кескіндер, карталар және көне заман жәдігерлері орналасқан. Ал, Қазақ хандығы және Ұлт-азаттық күрес қаһармандарызалы-Алтын Орда хандарынан бастау алған Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ-Жоңғар соғыстары, халық батырлары және «Орбұлақ шайқасы»және Кенесары Қасымұлы бейнеленген диорамалармен қатар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бейнеленген. Одан кейінгі Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңі (1941-1945ж.ж.) залы - Ұлы Отан соғысына қатысты сурет-графикалық кескіндер, коллаждар және Тула, Севастополь, Курск тағы басқа қалалардың «Бауырластар зиратынан» әкелінген топырақтар мен «Мәскеу түбіндегі шайқас» диорамасымен безендірілген. Сондай-ақ, снаряд сынықтары, оқ гильзалары, әскери байланыс құралдары тағы басқа да соғысқа қатысты орден, медальдар т.б.заттар музей сөресіне қойылған.Енді соңғы Интернационалист жауынгерлер (1979-1989 ж.ж.) және Тәуелсіздік батырлары залында - Ауған соғысы мен Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған коллаждар, Ауған соғысына қатысты байланыс құралдары, қыршын кеткен боздақтарымызға арналған кітап, жауынгер бас киімдері, соғыста қаза тапқан жерлес батырларымыздың әскери киімдері қойылған. Желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан Лаззат Асанова мен Ербол Сыпатаевтың киген киімдері, альбомы мен күнделікті тіршілікте пайдаланған біршама заттары бар.
Мекеме қызметкерлері музей қорын тарихи құндылығы жоғары, шежірелік мәні - маңызы бар заттармен толықтырумен қатар Қазақ және Қазақстан халықтарының әскери өнері, ерлік істері мен қару-жарақтарын жан-жақты насихаттауды да табысты жүзеге асыруда.
Қазіргі кездегі музейдің әлеуеті тек қана тарихи жәдігерлерді сақтайтын орын емес, сонымен қатар білім беру, мәдени-ағарту және рухани тәрбие орталығы болып отыр. Музейлер заманауи технологияларды пайдалана отырып, келушілерге жаңа форматтағы экспозициялар ұсынады. Және де ұлт тұлғалары, өнер жұлдыздары, спорт саңлақтары туралы патриоттық тақырыптарда дәрістер мен тарихи-танымдық сағаттар мен баяндамалар оқылады. Сондай-ақ дөңгелек үстелдер мен кездесу кештері, тарихи даталарға орай ауқымды шаралар өткізіп ағартушылық саласымен де айналысады.
Музейдің құнды экспонаттарының қатарында, Дөнен бидің күміс жалатқан жүзік мөрі (ХІХғ.), Метербай болыстың өзі таққан күміс белдігі (ХІХ-ХХ ғ. басы) мен өте көне заманға жататын қыш құмыра (шамамен қола дәуірі) және 1916 жылғыҰлт-азаттық көтерілістің белсенді мүшесі болған, Жетісуда Кеңес Үкіметін орнатуға атсалысқан тұлға Ы.Көшкіновтың жеке заттарытағы басқа бірқатарзаттар бар.
Музей - ұлт тарихын сақтайтын қазына. Оның әлеуетін тиімді пайдалану жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулып, отансүйгіштік сезімді нығайтады. Сондықтан музейлердің қазіргі қоғамдағы рөлі күн сайын артып келеді.Музейге кіру құныақылы.