Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кентау қалалық музейі

Кентау қалалық музейі 1977 жылы қала тұрғындарының сұранысы мен қызығушылығы негізінде құрылды. Қазіргі уақытта музей қорында шамамен 8 мыңға жуық тарихи және мәдени құндылықтар сақтаулы. Солардың ішінде 1000-нан астам экспонат жеті көрме залында тұрақты түрде жұртшылық назарына ұсынылған.

Музейдің басты мақсаты - Кентау қаласының тарихи және мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, әрі келер ұрпаққа жеткізу.

Музейдің негізгі экспозициялары келесі тақырыптарды қамтиды:

1. Кентау қаласының тарихы - қала құрылуының бастапқы кезеңдері, даму үрдісі және оның әлеуметтік-экономикалық ахуалы баяндалады.

2. Тау-кен ісі және пайдалы қазбалар - Қаратау жотасындағы пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы, геологиялық зерттеу жұмыстары мен кен өндіру саласының дамуы көрсетіледі.

3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі - соғыс кезеңінде майданға аттанған теміржолшылар мен кеншілердің ерлігі, сондай-ақ олардың бейбіт өмірдегі еңбегі дәріптеледі.

4. Этнография және қолөнер - қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы, қолөнері мен ұлттық киім үлгілері арқылы этнографиялық мұра таныстырылады.

5. Әшірбек Сығайдың шығармашылығы - театр сыншысы және өнер қайраткері Әшірбек Сығайдың өмір жолы, жеке бұйымдары, марапаттары, фотосуреттері, портреттері мен авторлық кітаптары ұсынылған арнайы бөлімде көрсетіледі.

Жұмыс уақыты 09.00-18.00
Билет құны 500 тг
Мекенжайы Түркістан облысы, Кентау қаласы, Дулатов көшесі 62
Scroll to Top