Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ат ойыншығы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Ортағасырлық Жанкент қалашығы. Керамикадан жасалған. Жылқы бейнесіне ұқсатып жасалған ойыншық. Ерттелген ойыншық-ат керамикадан жасалынған, бала қолынан шыққанға ұқсайды. Дәулетті, орта және төмен тұрмысты ортадан шыққан балалардың ойыншығы да сәйкесінше сапасы, көлемі, безендіруі жағынан әрқилы болған. Аталмыш ойыншық тұрмысы төмен ортадан шыққан баланың өз қолымен жасаған бұйымы болса керек. Сырт көзге кішкентай көрінген дүние қала қонақтары мен тұрғындарының қызығушылығын тудыруда. Ат ойыншығының ұзындығы - 10, биіктігі - 7 см, материалы - керамика, жасалу техникасы - сомдау, мүсіндеу, жабыстыру. Қызыл түсті ангобпен боялған.

Scroll to Top