Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Бабалар үні

Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі

Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлы
Ағаш пен теріден жасалып, металл элементтерімен толықтырылған көпқабатты символикалық композиция болып табылады. Композицияның өзегінде қобыз бейнесі алынған, оның созылыңқы пішіні бүкіл туындының тік бағыттағы құрылымын айқындайды. Қобыздың ішкі бөлігінде қолына ту ұстаған, ат үстіндегі көне жауынгердің бедерлі бейнесі көрініс табады. Қобыздың бас жағында қасқыр бейнесі сомдалған. Ал композицияның ең жоғарғы тұсында бейненің тұтастығын түйіндейтін металл маска мен дулыға орналасқан.
Материал: ағаш, металл.
Шебер: Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлы

Scroll to Top