Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жастық ағаш

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жастық ағаш-екі қаптал, табан және маңдай бөліктен тұрады.
Әр бөліктің шетін бір-біріне біріктіретін 8 қырлы бұрыштама орналасып ол екі аяқ бөлігіне тұтаса жалғасқан. Жастық ағаштың табан бөлігі көлбеу орналасып, сол себепті екі қаптал бөлігі қошқар мүйіз өрнегімен өрнектелген. Маңдай бөліктің дәл үшбұрышталған тұсында шеңбер ішінде жұлдызша кескінделген. Қаптал бөліктің тек сырты өрнектеліп, ішкі жағының жиегі күрең қызыл түсті жолақпен жолақ іші жасыл түспен сырланған. Тік бұрыштама қырдың жоғары қарай шығыңқы орналасқан бедерлі бөлігі кертіліп сынған. «Ирексу» өрнегі жастықағаштағы өрнек жиектеріне және бұрыштама қырдың белдеріне орналасқан.
Уақыты ХХғ.

Scroll to Top