Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Пеште қыздырылатын қорапты жез үтік

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі

Пеште қыздырылатын қорапты жез үтік.
Корпусы тұтас құйма, үшбұрыш пішінді, беті тегіс, артқы бөлігінде алынбалы қақпағы бар тікбұрышты тесік орналасқан. Қақпақтың бетінде зауыт-өндірушінің сопақша пішінді, жартылай өшкен таңбасы сақталған, онда тек бірнеше бас әріптер ғана оқылады - «М.С… WA» және 1880 саны көрінеді.
Корпустың жоғарғы бөлігінде жезден жасалған екі өрнекті тіреу бекітілген, сол тіреулерге түзу ағаш тұтқа орнатылған.
Мерзімі: XIX ғасыр.
Материалы: жез, ағаш.
Техникасы: құю, тегістеу, жону, ойып өңдеу.
Өлшемдері: ұзындығы - 16,5 см, ені - 9 см, тұтқасымен қоса биіктігі - 15 см,корпустың биіктігі - 4см.

Scroll to Top