Сандық ағаштан жасалған. Қақпағы шығыңқы, қақпағының шеттеріне сәндік шегелер қағылған. Сандықтың алдыңғы және бүйір беттерінде «қошқар мүйіз» өрнектері желімделген. Беті лакпен қапталған. Тұтқалары дөңгелек пішінді.
Мерзімі: ХХ ғ. 90-шы жылдары
Материал: ағаш.
Техника: қол өнер.
Өлшемі: биіктігі - 42.2 см., ені - 29 см., ұзындығы - 57 см.