Қола пышақ, жүзі иілген. Шаруашылық-тұрмыстық немесе қолөнерлік мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін. Беткі қабатындағы патина мен тотығу іздері бұйымның көне дәуірге жататынын көрсетеді. Металл өңдеу өнерінің үлгісі ретінде археологиялық және тарихи-мәдени құндылыққа ие.
Тарихы: Семей қаласының маңынан табылған. А. Бекшеневтен сатып алынған. 2015 жылы музей қорына қабылданған, акт № 74.
Материалы: металл (қола)
Техникасы: құю
Өлшемі: ұзындығы - 21,3 см, ені - 2,6 см
Сақталуы: қанағаттанарлық; шеттері тегіс емес, бетінде патина, тотығу және ластану іздері бар.