Түйме - қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінде кең тараған сәндік-қолданбалы бұйым. Ол киімнің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын әрі әшекейлік қызмет атқаратын ілгек ретінде пайдаланылған. Түймелер көбіне алтын, күміс, мыс сияқты бағалы және жартылай бағалы металдардан жасалып, беті ою-өрнекпен, асыл тастармен немесе зерлеу, қаралау, бедерлеу тәсілдерімен безендірілген.
Музей қорындағы түймелер XX ғасыр басы. Бұл бұйымдар сол кезеңдегі зергерлік шеберліктің жоғары деңгейін, қазақ халқының эстетикалық талғамын және әлеуметтік мәртебесін айқындайды. Түйменің көлемі, пішіні мен әшекейленуі оны тұтынған адамның жасына, жынысына және қоғамдағы орнына байланысты әртүрлі болған.
Аталған музейлік түймелер ұлттық киім кешенінің маңызды бөлігі ретінде тарихи-мәдени құндылыққа ие және қазақ халқының материалдық мәдениетін танытатын құнды дерек көзі болып табылады