Құмыраның қақпағы ортағасырлық Жанкент қалашығынан табылған археологиялық жәдігер болып табылады және ҮІІ-XI ғасырларға мерзімделеді. Бұйым 2014 жылы Қазалы ауданы аумағында жүргізілген Жанкент археологиялық экспедициясы барысында №3 бөлмеден анықталып, кейіннен қайта жаңғыртылған.
Қақпақ дөңгелек пішінді, конус тәрізді, орталық бөлігінде цилиндр пішінді тұтқасы бар. Беткі жағы өрнектермен әшекейленген. Жәдігер толық сақталмаған: тұтқа бөлігінің жоғарғы бүйірінде ортасы дөңгелек тесігі бар құлақша орналасқан. Аталған элемент қақпақты ұстауға немесе ілуге арналған функционалдық бөлшек ретінде қарастырылады.
Материалы - қызыл балшықты саз.
Бұл қақпақ Жанкент қаласының ортағасырлық тұрмыстық керамикасын, қыш өндірісінің технологиялық деңгейін және ыдыс-аяқ мәдениетін зерттеуде маңызды дереккөз болып табылады.