Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жастық ағашы

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жастық ағашы екі қаптал, табан және маңдай бөліктерінен тұрады. Әр бөліктің шетін бір-біріне біріктіретін сегіз қырлы бұрыштама орналасқан, ол екі аяқ бөлігіне тұтаса жалғасқан. Жастық ағаштың табан бөлігі көлбеу орналасқан, сол себепті екі қаптал бөлігі қошқар мүйіз өрнегімен өрнектелген. Маңдай бөлігінің дәл үшбұрышталған тұсында шеңбер ішінде жұлдызша кескінделген. Қаптал бөлігінің тек сыртқы жағы өрнектеліп, ішкі жиегі күрең қызыл түсті жолақпен оралып, ішкі бөлігі жасыл түспен сырланған. Тік бұрыштама қырдың жоғары қарай шығыңқы орналасқан бедерлі бөлігі кертіліп сынған. «Ирексу» өрнегі жастық ағашындағы өрнек жиектеріне және бұрыштама қырдың белдеріне орналастырылған. Уақыты - XX ғасыр.

Scroll to Top