Түйме - ақ түсті металлдан жасалған. Түйменің пішіні жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 3,5 см, биіктігі 5 см болатын қуыс эллипсоид сферадан тұрады. Ортасынан ұзындығы бойымен тік бағанасы өтеді. Бағананың төменгі жағында ұзындығы 1,5 см, диаметрі 0,7 см болатын түтік орналасқан, оның шеттері төрт қатар скань өрнектерімен безендірілген басылған таспалармен (пресс-лента) қоршалған. Басылған таспалар сфераның экваторында орналасып, жоғарғы және төменгі жартышарларын төрт секторға бөліп, полюстерде (сканьсыз) сақина бойымен жүреді. Жоғарғы және төменгі жартышарлардың секторлары бір-біріне сәйкес келмейді.
Сфераның төменгі жағындағы 0,2 см шығып тұрған бағана үшбұрышты (1 см) пирамидамен аяқталады, ол зерлеу техникасымен жасалған. Уақыты - ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы.