Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Айша-бибі» кесенесінің кірпіші

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

X-XII ғасырларға жататын Қараханидтер дәуірінде салынған «Айша бибі» кесенесінің түпнұсқа керамикалық өрнекті кірпіші. Ерекше өрнекпен қашалып күйдірілген саздан (терракота) жасалған. Оның бетінде күрделі кесте түріндегі ою-өрнек бар. Тоғысқан өрнектер көшпелілер өркениетіне тән шексіздікке негізделген. Қазақ өрнектерінде мұндай өрнек «шексіз ою» немесе «мәңгілік өрнек» деп аталады. Өрнектердің тоғысқан жерінде тесіктері бар. Кірпіштің артқы жағы дөңес, ал алдыңғы беті тегіс және ойылған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша-бибі аулының тұрғыны 1965-ші жылы музей қорына тапсырған.
Мерзімі: Х-ХІІ ғ.
Материалы: саз балшық
Өлшемі: 22,5 х 20 см.

Scroll to Top