Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сақ қазаны

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Сақ дәуіріне тән қазан. Мұндай қазандар археологиялық қазбалар кезінде табылып, ежелгі көшпелі халықтардың тұрмысы, діни-ритуалдық өмірі, және өнері туралы маңызды мәлімет береді. Қазан қоладан құйылып жасалған.
Дөңгелек, доға тәрізді пішінді. Аузы ашық, шеті қалың. Екі жағында симметриялы тұтқалары бар - бұл оны тасуға немесе отқа қоюға арналған. Жоғарғы бөлігінде жарты ай тәрізді өрнек немесе бедерлер бар - бұл стилизацияланған декоративті элементтер.Мұндай қазандар кейбір патша қабірлерінен, яғни обалардан табылған. Олар дәстүр, сенім, салт-дәстүрлердің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қазан - береке мен молшылықтың символы, тайпа өміріндегі бірліктің белгісі. Қазанды 2006-шы жылы жаз мезгілінде Тараз қаласының тұрғыны С.Кудрин. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы , «Ақсу-Жабағылы» қорығы маңынан тапқан.
Мерзімі: ІҮ ғ. - ҮІІІ ғ.
Материалы: қола
Өлшемі: 34 х 50 см.

Scroll to Top