Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Терракоталы үш аяқты құмыра

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Құмыра тар мойынды ілмек тәрізді тұтқасы бар құм түсті терракотадан жасалынған. Құмыраның денесі белдеулермен және үшбұрышты ою-өрнектермен безендірілген. Ернеуі өте тар саңылауы бар құс тұмсығы түрінде жасалынған. Құмыраның аяқтары жануардың табанына еліктетіп жасалынған. Шу ауданындағы құрылыс жұмыстары кезінде табылған кездейсоқ олжа. Тараз қаласының тұрғыны А.Айдаралиевадан сатып алынды.
Материалы: сазбалшық
Мерзімі: Х-ХІІІ ғғ.
Өлшемі:биіктігі - 14,4см,
диаметр - 7см.
Мойынның диаметрі - 2,3см, тұтқасының қалыңдығы - 1см

Scroll to Top