Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жүзік

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жүзіктің сопақша көлемді қалқаны бар, оның беті ұсақ түйіршік ою-өрнекпен безендірілген. Қалқанның бетіне шыныдан және қызыл пастадан жасалған жапсырма бар екі сопақ розетка қондырылған. Ортасында розеткалардың арасына үшбұрышты ұштары бар ұзынша жапсырма бедер салынған. Бүйір беті бедерлі өрнектермен безендірілген. Қалқанның ішкі қуысы ақ пастамен толтырылған. Бауыры жалпақ, ортасына қарай тарылған. Мендіғара ауданы, Қостанай облысы.
Мерзімі: ХХ ғ. басы.
Материалы: күміс, шыны, түсті паста.
Техникасы: қалыптау, зерлеу.
Өлшемі: 5х5,6 см.

Scroll to Top