Қамзолға арналған қапсырма шығыс ертегілерінің Самұрық құс бейнесінде жасалған. Қапсырма екі жартыдан, екі құстан тұрады. Құстың өн бойы, басы дөңгелек түйіршіктермен жапсырма сым қондырылып әшекейленген. Бір құстың басында кішкентай көгілдір қондырма көзі бар. Қанаттарында бедерлі сурет - кертпелі нәзік сәулелер. Қапсырма ілмешек пен ілгек арқылы жабылады. Қапсырма қанаттарында киімге тігуге арналған екі ілмегі бар. Қапсырма пішіні сирек кездеседі. Зергерлік әшекейлердің қор жиынтығын толықтыру үшін алынған.
Мерзімі: ХХ ғ. басы.
Материалы: күміс, ақық.
Техникасы: қол жұмысы, ширатпа, түйіршік.
Өлшемі: 11,0х2,5 см.