Қоңыр түсті киізден жасалған, ұзартылған дөңгелек пішінде, біріктіріп тігілген. Түбі тегіс, құрама. Кесеқаптың беткі жағына «бітпес» өрнегі және «ирексу» геометриялық оюы қызыл, қызғылт және қызғылт сары түсті жіптермен жүргізілген. Ортаңғы бөлігіне үлкен ою салынған. Әрбір оюды бөліп тұратын су өрнегі жүргізілген. Жоғары және төмен жағынан жиектерін бойлай жүн жіптерден ызбамен (ызба сұр, қызыл және қызғылт сары жіптерден өрілген) әшекейленген. Ішкі жағы «жолақ» матамен астарланған. Жоғары жағында жүн жіптерден тоқылған баулығы бар. Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Наурызым ауылы.
Мерзімі: 1920-шы жылдар,
Материалы: киіз.
Техникасы: киіз бастыру, тігу.
Өлшемі: d-15,5 см, h-34 см.