Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Отырған адам мүсіні

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Антропоморфтық мүсін, бастың желке тұсындағы ойығы болмашы түрде байқалады. Қабағы мен жақ сүйектері екі шығыңқы дөңгелек түрінде біртұтас пішінді құрайды. Мұрны түзу, үш қырлы. Танауы аздап тамшы тәрізді пішінде көрсетілген. Беті сызылмаған, жағы жайлап кеуденің жоғары жағына ұласады, иегі ғана алға күрт шығып тұр. Кеуденің алдыңғы бөлігі жете жасалмаған, еш тереңдеу жоқ, жыныс белгісі көрсетілмеген. Арқасы дөңгеленіп анық берілмеген. Қолдары мен аяқтары бедерленіп берілген, тізесі бүктелген. Аяғының бөксеге ауысқан тұсы кішкене науамен ерекшеленген. Оң жақ аяқтың табаны айқын көрінеді, ол жайпақ және дөңгеленіп келген.
Мерзімі: б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық.
Материалы: түрлі түйіршікті құмтас.
Техникасы: пикеттеу, қашау, тегістеу.
Өлшемі: h-19 см.

Scroll to Top