Былғары және бүктелген қабырғалары бар екі ағаш тақтайшадан жасалған көрік темір балқытқанда немесе көмір қыздырғанда пештегі оттың қызуын арттыру үшін қолданылған.
Пішіні: алмұрт тәрізді. Бір шетінен тұтқаларға, екінші жағынан ауаны шығару үшін.
Материалы: металл, ағаш, былғары.
Өлшемдері: ұзындығы-58см, ені-23,5 см.
Техникасы: былғары өңдеу және ағаш өңдеу техникасы.
Сақталуы: қанағаттанарлық, деформация, жыртылу, жарықтар бар.