Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жарма сақтайтын ыдыс

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жарма сақтайтын ыдыс - ұнтақталған өнімдерді сақтауға арналған. Ыдыстың аузында кеңірек жиек, қысқа мойын, иық бөліктері, цилиндр тәрізді корпусы, төменге қарай тарылатын формасы бар. Корпустың жоғарғы бөлігінде толқынды және түзу сызықтардан тұратын өрнек орналасқан. Төменгі жағы тегіс.
Мерзімі ХХ ғ. 1-ші жартысы
Материалы: қыш, глазурь
Техника: қыш-құмыра жасау өндірісі, күйдіру
Өлшемдері: биіктігі - 24 см, мойнының ұзындығы - 9 см, диаметрі - 24 см, ауызының диаметрі - 5 см, табан диаметрі - 4,5 см

Scroll to Top