Дөңгелек, қыштан жасалған ыдыс, мойны тарылған, шеңберлік тақтада жасалған. Ыдыстың мойны тегіс дөңгелек корпусы арқылы өтеді және төменге қарай біртіндеп тарылып барады. Қоңыр бояумен көмкерілген. Ұзақ уақыт К. Ибраев атаның отбасында тұрмыста қолданылған.
Мерзімі: 1940 жылдар
Материалы: қыш
Техникасы: зауыттық өндіріс
Өлшемдері: биіктігі - 32,7 см, мойнының диаметрі - 11,2 см, табанының диаметрі - 12,7 см.