Арабы кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызылорда облысы. Бетіне әр түрлі көлемдегі (жіңішке, жалпақ) жолақтар мен түрлі өрнектер салынған, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Жалпақ жолақтарға сары түсті тік су жүргізіліп, онын екі шетінде түрлі түспен (сары, сұр, кара, жасыл) алабас өрнегі, келесі жолақтарда шаян өрнектері салынған. Араларындағы сумен ажыратылған жіңішке жолақтарға қазмойын, сыңармүйіз және қара, қызыл түсті алақұрт өрнегі тоқылған. Кілемнің екі жанына көлденеңінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына сұр түсті шынжара өрнегі тізбектелген. Ұзына бойы екі кенересі қара түсті жүн жіптен тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Тақырып:
Кілем-киіз бұйымдары
Сақталу жағдайы
Түсі оңған