Ат әбзелінің әшекейлері
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ат әбзелдеріне арналған әшекейлер, темір дәуіріне жатады.
Қола металынан жасалған және әртүрлі пішінде болып келеді:
Негізгі топты жер астында ұзақ уақыт жатқандықтан бетіне жасыл патина қонған дөңгелек, жартылай шар тәрізді қапсырмалар құрайды. Мұндай қапсырмалар былғары жүген-құрық белбеулеріне қондырылып немесе тігілетін, сәндік қызмет атқарған.
Төменгі бөлігінде тесіктері бар тікбұрышты және ұзынша бөлшектер кездеседі. Олар, шамасы, әбзелдің кейбір бөліктерін бекітуге немесе жалғауға пайдаланылған.
Мұндай әшекейлер қосарлы қызмет атқарған:
1. Практикалық - былғары белдіктерді күшейтіп, олардың мықтылығын арттырған.
2. Сәндік - иесінің әлеуметтік мәртебесін айқындап, әбзелдің салтанатты түрін көрсеткен.
Осындай бұйымдар скиф-сақ дәуірінің билеуші элитасының обаларынан жиі табылады және олар металлургия мен қолөнердің жоғары деңгейін, сондай-ақ темір дәуіріндегі көшпелі қоғамдардың әскери әрі культтік өмірінде аттың ерекше рөлін көрсетеді.
Табылған жері: Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксайқорымы-5в . 2023 ж.
Мерзімделуі: темір дәуірі
Техникасы: қыздыру, соғу
Өлшемі: 1,5х1,5см 10- фрагмент, әшекей-3 фрагмент.
Сақталу жағдайы
Қарайып, тотыққан